Театр • 26 Ақпан, 2021

Ш.Қалдаяқовтың өмірі жайлы мюзиклдің премьерасы өтеді

544 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

2021 жылдың 1, 2, 3 наурызында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театры Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Шәмші» мюзиклінің премьерасын көрермендер назарына ұсынады.

Ш.Қалдаяқовтың өмірі жайлы мюзиклдің премьерасы өтеді

Әйгілі қазақ композиторының өмірі мен шығармашылығынан көрініс беретін «Шәмші» мюзиклі белгілі тұлғаның күрескерлік, ғашықтық және композиторлық қырларын сахнаға шығарады. Шығармашылық иесі өмір жолында кезіккен қиындықтарды қалай қарсы алды, адам мен қоғамға деген қандай философиямен қарады, ішкі дүниесінде толқыған сезім иірімдерін, ғашықтық сырларын қалай бағындырды, осылардың барлығынан сүзіліп шығып, бұлқынып, сілкініп туған әуезді әндерді қалай дүниеге әкелді, міне, қойылымның көрерменге берер басты құндылығы осы.

Спектакль барысында орындалатын Шәмші әндерінің әрқайсысы – автордың бір-бір ойы, өмірінде орын алған әр алуан оқиғасы. Әнге айналған тұлғаның әсерлі әлемі көрерменнің көңілін баурап, жүрек түкпіріндегі мейірімі мен махаббатын қозғап, ақыл-парасатпен апталған адамгершілік сынды асыл қасиеттерін оятады.

 Музыкалық жас көрермен театры «Шәмші» мюзиклі арқылы өнер жолына қызығушылықпен қарайтын дарынды жасөспірімдер мен балалардың қиялын қозғап, оларды өнерге қызықтырып, қанаттандыруды мақсат етеді. Қойылымды тамашалаған жас көрермен Шәмшіге қарап, оның шығармашылығына зер салып, күрделі өмір жолындағы киелі өнердің бағасы адамзат ғұмырын арнауға тұратындай құдіретті де таза екендігіне көз жеткізеді деген сенімдеміз. 

Мюзиклдің авторы Мадина Омарова, қоюшы режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров, режиссердің ассистенті Мекан Джумабаев, қоюшы дирижер Руслан Баймурзин, қоюшы хормейстер Мәдениет саласының үздігі Ғалымжан Берекешев, хормейстерлер Н. Тілендиев атындағы II Республикалық дирижерлер байқауының лауреаты Әлихан Ыдырысов, Алтынбек Аманқұлов, музыкалық редактор Болат Жолдасов, қоюшы хореограф Елдос Оспанов, костюм суретшісі Іңкәр Каримова, режиссердің көмекшісі Гүлдана Әбдісадық, жарық суретшісі Айдын Досаев, дыбыс режиссері Мақсат Есқали, музыкамен сүйемелдеуші – театр оркестрі.

Мюзикл кейіпкерлері мен орындаушылары:

Күрескер Шәмші – Аман Ғұмаров, Ернар Мұхамбетов

Композитор Шәмші – Сұлтан Кеңшілік, Азамат Болатов

Ғашық Шәмші – Саламат Мұқашев, Ермахан Аймахан

Әкесі – Армат Амандықов, Иранбек Балтабекұлы        

Анасы – Замира Сапар, Айза Зұлқарнай

Ахмет Жұбанов – Абзал Арапов, Еламан Иманбаев

Сағыныш – Диана Асқар, Сабира Сүгірова, Жанель Есенгельдина

Жарас – Ақеділ Иманғали, Сүндетхан Дүйсехан

Жарастың достары – Мағжан Омар, Сүйінбай Сағынбай

Дөкей – Талғат Кеңес, Ерназар Жаңатілек

Дөкейдің көмекшісі – Жасұлан Әбдірахман, Мағжан Омар

Мұқағали Мақатаев – Мұхамедсаид Бағашаров, Бақдәулет Оралов

Роза Бағланова – Мақпал Дүйсен, Таңшолпан Нұртілеуқызы

Әбілахат Еспаев – Аққанат Қуандықов, Дінислам Нұрмағанбетов

Төлеген Айбергенов – Дидар Төлегенов, Бибол Байғараев

Жұмекен Нәжімеденов – Шалқар Мұралтай, Әлішер Исмаилов

Ақан сері – Оразалы Игілік, Нұржан Тыныбек

Изольда – Гүлдана Әбдісадық, Дана Верещак

Янко – Қазбек Есқара, Асқар Жұмабеков

Офицер – Сүндетхан Дүйсехан, Ақеділ Иманғали

Аға лейтенант – Шыңғыс Тельманов

Полицей қызметкерлері – Айдын Қожахмет, Алмас Абденов

Көпшілік сахнада – театр артистері