Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Семейге «Сергек» орнатылады

666 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Сергек» бейнекамералары Өскеменде қылмыс пен жол көлік оқиғаларын едәуір төмендетті. Сондықтан да, бұл жоба Семей қаласында да жүзеге асырылмақ. Оған шамамен 4 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.

Семейге «Сергек» орнатылады

– «Сергек» бейнебақылау жүйесі Өскеменде тиімділігін көрсетті. Нақты мысал келтірсек, былтыр облыс орталығында осы жүйенің көмегімен 7 мыңнан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, 144 қылмыстық іс ашылды. Қылмыс жасау қоғамдық орындарды 34 пайызға, қала көшелерінде 35 пайызға, жол-көлік оқиғалары 36 пайызға төмендеді. Міне, осындай жағымды көрсеткіштер бар. Сондықтан бұл жобаны биыл Семейде де іске асырамыз. Семейге барлығы 1300 бейнекамера орнатылады, - деді облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің есептік кездесуінде.