Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерге сараланған тарифтің енуіне орай 1 наурыздан бастап оқушылар мен студенттердің өз тарифтеріне байланысты «TOLEM» карталары болмаған жағдайда 35/50 теңге орнына 100 теңге төлеуі керек болатын.

Шымкентте 1 сәуірден бастап оқушылар мен студенттер үшін қолма-қол төлем 100 теңге болады

Дегенмен, қазіргі таңда «TOLEM» картасын алған және алуға өтініш білдірген тұрғындар санының төмен болуына орай қолма-қол төлемнің өзгерісін 1 сәуірге дейін созу туралы шешім қабылданды. Демек, оқушылар мен студенттерде «TOLEM» картасы болмаған жағдайда 1 сәуірден бастап қолма-қол төлем 100 теңге болып белгіленді.

Айта өтсек, қаламызда 220 мың оқушы, 100 мыңға жуық студент бар. Бүгінде орта есеппен олардың 10 пайызы ғана «TOLEM» картасына өтініш білдіріп, тарифіне сәйкес жолақысын төлеу үстінде.

Айта кетейік, шымкенттіктер карталарды Әл-Фараби даңғылы №9 мекенжайынан алуға болады.