Аймақтар • 26 Ақпан, 2021

Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин наурыз мейрамдары қарсаңында мегаполис тұрғындарына карантин талаптарын жалғастыруды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz

Жандарбек Бекшин алматылықтарға үндеу жолдады

Карантин талаптарын бұзу коронавирустің өршуіне ұласып, жаңа толқынын әкелуі мүмкін.Оның үстіне Алматы қазірдің өзінде «жасыл» мен «сары» аймақтардың шекарасында тұр.

Жандарбек Бекшин Алматы қаласының коронавирустық инфекциясы бойынша эпидемиялық жағдайдың шиеленісіп тұрғандығын хабарлады.

Жыл басынан бері коронавирустық инфекциясын жұқтырудың 6252 жағдайы, ал кеше 25-ші ақпанда 110 жағдай тіркелді.

– Бұл ретте Алматыда R коэффициенті (жұқтырудың репрезентативтілігі) – 100 мың тұрғынға шаққанда бірінші және соңғы 7 күндегі сырқаттанушылық көрсеткіші - 38 жағдайды көрсетіп тұр, бұл сары шекарадағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрицасының жасыл аймағына сәйкес келеді, – деп атап өтті Ж.Бекшин.

Сонымен қатар Алматының бас санитариялық дәрігері алматылықтадың санитариялық-эпидемиялық талаптарды елемей, адамдар көп жиналатын орындарына барса, бұл көрсеткіш өзгеруі мүмкін екенін айтты. Мысалы, соңғы күндері Шымбұлақ пен Медеуде қалалықтардың шоғырланып жиналғанын жиі көруге болады.

Алматылықтарға әсіресе демалыс және мереке күндері саябақтарға және алаңдарға, сауда ойын-сауық орталықтарында қатысты екенін назарға алған жөн. Мұндай жерлерде инфекцияның симптомсыз формалары бар науқастар болуы мүмкін.

Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирус жұқтыру жағдайларының 43% - дан астамы дәл осы қоғамдық орындарда болғанын қосты. Көктемгі мерекелерді тойлау індеттің белең алуына жол ашпауы тиіс.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше