Облыс көлемінде сақталған қару мен олардың оқтарын тексеру үшін 26 топ құрылды. Олар қызметтік қару қолданатын күзет агенттіктерін, инкассация қызметін, фельдъегерлік байланыс және «Қазпошта» қызметін тексереді.
Арнайы мамандар оларға бекітілген қызметтік қару мен оқтарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын да жүргізді.
– Төрт күн ішінде тәртіп сақшыларымен 170-тен астам объектілер тексерді. Қызметтік қару мен оның патрондарын түгендеу кезінде олардың жетіспеуі мен артық қалу фактілері анықталған жоқ. Ал қару сақтау тәртібін бұзғаны үшін 6 әкімшілік хаттама толтырылды, – деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.
Айта кетсек, жеке ұйымның күзетшісі кезекшілік кезінде қызметтік тапаншаны үстелдің астына қойып қойғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 29мың 170 теңге айыппұлы салынды. «Қызметтік қару» жедел алдын алу іс-шарасы 5 наурызға дейін жалғасады.
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыс Қазақстан облысында 22 ақпаннан бастап «Қызметтік қару» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.
Қазақстан халқы Жаңа жылда 4 күн демалады
Қоғам • Бүгін, 13:33
Қазақстан сейсмологтары бір тәулікте үш жер сілкінісін тіркеді
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:58
Көкшетау тұрғыны алаяқтардан 1 миллион теңгесін қайтарып алды
Заң • Бүгін, 11:39
Ақтөбе гарнизонында әскери қызметкер өзін атып өлтірді
Оқиға • Бүгін, 11:16
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Ауа райы • Бүгін, 10:40