Саясат • 27 Ақпан, 2021

Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

593 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2-3 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтеді.

Қырғызстан Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

«Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер мен екіжақты құжаттарға қол қою, сондай-ақ мемлекеттік сапар мәртебесіне сәйкес протоколдық іс-шаралар жоспарланған.

Сонымен қатар Қырғыз Республикасының Президенті С.Жапаров Қазақстанның бизнес-қоғамдастығымен кездесу өткізеді», делінген ҚР СІМ хабарламасында.

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында, «шағын және кеңейтілген құрамда өтетін келіссөздер барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға басымдық бере отырып, қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының қазіргі жағдайы және перспективалары талқыланатындығы көзделіп отырғандығын» хабарлады.

(Мемлекет басшылары Орталық Азиядағы, Еуразиялық экономикалық одақтағы және өзге де көпжақты құрылымдардағы интеграциялық үдерістерді дамыту жөнінде, сондай-ақ, күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады деп күтілуде. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты келісімдерге қол қойылмақ», деп жазды Берік Уәли.