Павлодар облыстық статистика департаменті өңірдегі демографиялық жағдай туралы мәліметіне қарағанда, 2021 жылғы 1 қаңтарда өңірдегі халық саны 751011 адамды құраған. Соның ішінде қалалықтар – 530209 (70,6%), ауылдықтар – 220802 адам (29,4%).
Облыста ер адамдар саны - 355996 (47,4%), әйел адамдар – 395015 (52,6%).
Атап айтқанда, 2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 1158 адамға немесе 0,2 пайызға азайып отыр.
«Қарастырылып отырған кезеңде Павлодар қаласында ғана халық саны 1395-ке көтерілді. Қалған қалалар мен аудандарда азайды», деді департаментте.