Аймақтар • 27 Ақпан, 2021

Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметінде есепте тұрған  4 азамат  қоғамдық жұмыстарға тартылды деп хабарлайды  Еgemen.kz.

Пробация қызметінде есепте тұрғандар қоғамдық жұмысқа тартылды

Суық қару алып жүргені үшін сотталып,  жазасын өтеп шыққан бір азамат қазір Қандыағаш қаласының көшелерінде қар тазалау жұмыстарымен айналысып жүр. Есірткіні сырт  киімінің қалтасына сақтағаны үшін сотталып, пробация қызметінің бақылауындағы тағы бір жігіт Мұғалжар аудандық сотының  үкімімен 80 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды. Енді ол өз айыбын  Қандыағаш қалалық әкімшілігі белгілеген орында күніне 4 сағаттан қар шығарып өтеп жатыр.

«Өткен жылы жарылғыш заттарды заңсыз сақтау мен тасымалдау, есірткі заттарын сақтау,  суық қару алып жүргені және билік өкiлiн балағаттағаны үшін  қылмыстық жазаға тартылған Мұғалжар ауданының төрт тұрғыны қоғамдық жұмыстарға тартылды.  Олар  саябақтарды, көшелердi тазалау, дуалдарды сырлау мен жөндеу, ғимараттарды безендiру жұмыстарымен айналысып жатыр», дейді   Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі  департаментінің Мұғалжар аудандық №1 пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет капитаны Гүлсезім Ешмагамбетова.