17-23 ақпан күндері аралығында коронавирусқа шалдығудың орташа есеппен алғанда 2 372,9 жаңа оқиғасы тіркелді, бұл бір апта бұрын уақыттағы санаудан 25 пайыз көп.
Бельгияда пандемия басталғалы COVID-19 вирусын 766 654 адам жұқтырған. Соңғы екі аптада 100 мың адамға шаққанда 259,7 мың оқиға анықталды.
20-26 ақпан аралығында ауруханаға орташа есеппен алғанда 137,9 пациент келіп түсті, бұл бір апта бұрынғы көрсеткіштен, 16 пайыз көп.
Бельгия ауруханаларында жалпы алғанда коронавирусқа шалдыққан 1838 пациент ем алып жатыр, бұл алдындағы көрсеткіштен 77 оқиғаға жоғары. Бұл ретте 400 пациент жансақтау бөлімінде жатыр.
Қазіргі кезде Бельгияда 461 060 адамға (18 және одан ересек жастағы тұрғындардың 5 пайызы) вакцина егілді, соның ішінде 296 169 тұрғын вакцинаның екі дозасын алып үлгерді.
Инфекцияның таралу коэффициенті 1,12-ні құраған. Бұл коронавирусқа шалдыққан бір адамның орташа есеппен алғанда бір адамға вирус жұқтыратынын және пандемияның қайта өршіп жатқанын білдіртіп отыр. Бельгия сарапшылары аталған статистикада пандемияның «үшінш толқынын» көріп отыр.