Елордада Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында 2006-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында «Қазақ күресінен» Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен 180 спортшы қатысты.
Жарыс «Qazaq kuresi» қауымдастығы бекіткен «қазақ күресі» ережелері бойынша өтуде. 26-сы күні жалауын көтерген үш күндік боз кілемдегі бәсекеде еліміздің 17 құрамасының балуандары -38, -42, -46, -50, -55, -60, -65, 70, -75, +75 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатыр.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Спорт және Дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпив, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Макен және «Құрмет» орденінің иегері,
ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбек Нұғымаров қатысты.
Бақтияр Макенұлы жарыс қатысушыларына сәттілік тілеп, -50,-55,-60,-65 келіде жеңіске жеткен жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін арнайы марапаттады.
«Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған қазақша күрес сайысына қош келдіңіздер. Ата бабамыздан келе жатқан дәстүрлі түрде өтетін қазақша күрес өзінің деңгейінде өтуде. Елбасымыз, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлттық спорт түрлерін соның ішінде, қазақ күресін олимпиялық ойындар деңгейіне дейін көтеруге күш салуымыз керек. Қазақ спортын дамытуға баршамыз үлес қосуымыз қажет» деп айтқан болатын.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақтың ұлттық спорт түрлерін лайықты жоғары деңгейде көрсету керек»,- деп үлкен мақсат қойды. Сондықтан біздің әрқайсымыздың міндетіміз – қазақ спортының дамуына өз үлесімізді қосу. Сондықтан да бүгінгі жарыста мына жас спортшыларға үлгі болып жүрген барша азаматтарға сәттілік тілеймін», - деді Б.Макен өз сөзінде.
Жарыстың бас төрешісі Болат Ақжігітов карантинге байланысты әр өңірден өз салмақтары бойынша бір-бір спортшы іріктеліп алынғанын айтты.
«Чемпионатқа әр облыстан бір бір спортшы ғана жолдама алды. Жарыс барлық санитарлық нормалар мен қауіпсіздік ережесін сақтай отырып өткізілуде. Жарысқа рейтингтен өткен, арнайы шақырылған үздік 20 төреші төрелік етті. Барлық балуандардың дайындық деңгейі жақсы, бәрі бір деңгейде, себебі бір жылдан кейінгі бірінші жарысымыз болғандықтан біраз спортшыларымыздың салмақтары өсті. Барлығы жоғары деңгейде өтуде», - деді Болат Ақжігітов.
«Қызылорда облысы Қызылорда қаласынан осы жарысқа, яғни ҚР Чемпионатына келдім. Есімім Бауыржанұлы Шейхрахман. Жарысқа карантин режимінде дайындалдық. Сол жағынан қиындықтар болды. Бүгін жарысқа келген спортшылардың барлығы мықты, осалы жоқ. Белдесуде менің қарсыластарым мықты болды. Бүгін менің бағым мен бабым шауып осы жарыста жеңімпаз атанып, 1-орынды иелендім. Ақтық сында мен Жамбыл облысының балуанымен белдестім және оны айқын басымдықпен жеңдім»,- деді Қызылорда облысының балуаны Шейхрахман Бауыржанұлы.
Ел чемпионатының ұйымдастырушылары - Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Qazaq kuresi» қауымдастығы.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі ұлттық жобалар қалай бағаланады?
Қазақстан • Кеше
Қарағандыда әкімдік ғимаратынан ер адам құлап, қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ: Қанша адам емделе алады?
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Петропавлда ер адам көлік иесіне 1 млн теңге шығын келтірді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Қазақстан • Кеше
Көк байрағымыз – ең биік шыңдарда
Қазақстан • Кеше
Шалдай орманы тағы да өртке оранды
Аймақтар • Кеше
Несиесі – арзан, тәуекелі – қымбат
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Қаршадай балаға қанат бітірген «Жас тұлпар»
Аймақтар • Кеше
Теннис • Кеше
Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сот «СҚ-Фармацияның» экс-басшысын босатудан бас тартты
Елорда • Кеше
Жандарбек Бекшиннің басы тағы дауға қалды
Медицина • Кеше
Сортөбенің бағы еселеніп келеді
Руханият • Кеше
6 қызғалдақты жұлған азамат 3 жылға сотталуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
«Ashyq» жобасы 7 өңірінде жұмыс істер тұр
Технология • Кеше
Еңбек нарығында қандай мамандарға сұраныс жоғары?
Қоғам • Кеше
ШҚО-да заңсыз балық аулаудың 70-ке жуық дерегі анықталды
Аймақтар • Кеше
Асқар Мамин салық жүйесі неғұрлым икемді болатынын айтты
Қазақстан • Кеше
Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді
Қоғам • Кеше
Өскеменде көпқабатты үйдің қабырғасы қарс айырылды
Аймақтар • Кеше
Масаншыдағы дүнген ұлтының өкілдері қазақ тілін үйренуде
Аймақтар • Кеше
Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салына ма?
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Армения саяси кеңес өткізді
Қазақстан • Кеше
Елорда • Кеше
Биыл 1000 мектеп қайта жаңартылады
Білім • Кеше
Елімізде 2 607 жаңа басқару нысаны құрылды
Қазақстан • Кеше
Шығыс Қазақстанда ғылымның 8 бағыты қамтылды
Ғылым • Кеше
Президентке елдегі блокчейн-технологиялардың дамуы жайында баяндалды
Президент • Кеше
Каспий теңізінен 20 шақты түйенің өлексесі табылды
Оқиға • Кеше
Еліміздің бас санитарлық дәрігері сөгіс алды
Медицина • Кеше
Қордай ауданының Масаншы ауылында техника 60-70 пайызға жаңарған
Аймақтар • Кеше
Қазақстандықтар экологияны ластайтын отын түрлерін тұтынады
Экология • Кеше
Ауа райы • Кеше
Балалар 500 мың теңгеден сатылып жатыр
Қоғам • Кеше
Көш басында – «Манчестер Сити»
Футбол • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаевтың орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Челси» Суперлигадан бас тартады
Әлем • Кеше
Алматыда аялдамадан нәресте табылды
Қоғам • Кеше
Мәжіліс бюджет заңнамасын жетiлдiру туралы заң жобасын мақұлдады
Парламент • Кеше
БҚО-да отырғызылған ағаштар қурап жатыр
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар