Әлем • 28 Ақпан, 2021

Нигерияда бандалар ұрлаған 300-ден астам мектеп оқушысы босатылды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 ақпанда Нигерияның солтүстігінде ұрланған 317 мектеп оқушысы бүгін, жексенбіде босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz нигериялық Vanguard газетіне сілтеме жасап.

Нигерияда бандалар ұрлаған 300-ден астам мектеп оқушысы босатылды

Қыздар қазіргі уақытта жолда, Замфара штатының әкімшілік орталығы Гусау қаласына бара жатыр, деп атап өткен басылым. Олар үшін төлем төленгені немесе төленбегендігі туралы деректер жоқ.

Оқушыларды Джангебе қаласындағы қыздарға арналған мемлекеттік орта мектеп - интернаттан ұрлап әкеткен. Федералдық қауіпсіздік күштерінің бөлімшелері мен полиция соңғы үш күн бойы тынымсыз іздестіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар штаттың билік органдары қыздарды құтқару мақсатында жергілікті қауым өкілдерімен келіссөздер жүргізіп отырған.