Қоғам • 01 Наурыз, 2021

Жүрегіміз – Қазақстанда

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Менің атам, әкем қуғын-сүргінге ұшырап, Түркиядан Қазақ­станға қоныс аударды. Өзім қазақтың байтақ даласында дүниеге келдім. Бізді арнайы жер аударушылар деп те атайтын.

Жүрегіміз – Қазақстанда

Уақыт өте тарихи отанымыз­ға оралып, Түркияның Анталия қаласында өмір сүріп жатырмыз. Жастардың жаңа мекенге бейімделіп, үйреніп кетуі оңай болғанымен, біздің ұрпақ үшін бұл қиынға түседі. Біздің көңіліміз, жүрегіміз – кіндік қанымыз тамған, өсіп-өнген, мейірім мен қонақжай халық­тың ыстық ықыласын көрген, достарымыз қалған Қазақстанда. Қазақ халқының дарқан көңілі мен жылы лебізін ешқашан ұмытпайтынымыз хақ. Осы айтулы күнде қуғын-сүргінге ұшыраған түрік бауырларын сыртқа теппей, құшақ жая қарсы алып, баспанасы мен асын бөліп берген барша Қазақ еліне алғысымды білдіремін. Бұл риясыз көмектің арқасында көптеген отандасымыз аман қалып, балалы-шағалы болып, тамырын тереңге жайды. Әлемнің қай бұрышында жүрсек те, қазақ халқының жақ­сылығын ұмытпай, әрдайым ризашылығымызды білдіреміз.

Нуридин МАЙЛОВ,
Kendala ауылшаруашылық компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы