![Жүрегіміз – Қазақстанда](/media/2021/03/01/1575603050155.jpg)
Уақыт өте тарихи отанымызға оралып, Түркияның Анталия қаласында өмір сүріп жатырмыз. Жастардың жаңа мекенге бейімделіп, үйреніп кетуі оңай болғанымен, біздің ұрпақ үшін бұл қиынға түседі. Біздің көңіліміз, жүрегіміз – кіндік қанымыз тамған, өсіп-өнген, мейірім мен қонақжай халықтың ыстық ықыласын көрген, достарымыз қалған Қазақстанда. Қазақ халқының дарқан көңілі мен жылы лебізін ешқашан ұмытпайтынымыз хақ. Осы айтулы күнде қуғын-сүргінге ұшыраған түрік бауырларын сыртқа теппей, құшақ жая қарсы алып, баспанасы мен асын бөліп берген барша Қазақ еліне алғысымды білдіремін. Бұл риясыз көмектің арқасында көптеген отандасымыз аман қалып, балалы-шағалы болып, тамырын тереңге жайды. Әлемнің қай бұрышында жүрсек те, қазақ халқының жақсылығын ұмытпай, әрдайым ризашылығымызды білдіреміз.
Нуридин МАЙЛОВ,
Kendala ауылшаруашылық компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы