Руханият • 01 Наурыз, 2021

Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күні

76 рет көрсетілді

Елімізде көктемнің алғашқы күнінде Алғыс айту мерекесі атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстан халқы биыл алтыншы  жыл қатарынан  Алғыс айту күнін атап өтеді. Тағдырдың тәлкегімен елімізге қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, ауыртпалық атаулыны бірге көтерді. Бұл күн - қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш-қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын күні.

2016 жылы 14 қаңтарда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1 наурыз - Алғыс айту күні деп жарияланғаны туралы жарлыққа қол қойды. Дәл осы 1 наурыз күні елімізде Қазақстан халқы Асссамблеясы құрылған болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 22 сәуірінде Ассамблеяның XXII сессиясында Алғыс айту күнін белгілеуге не түрткі болғанын айтқан болатын.

«Оларды пойыз вагондарынан жапан далаға түсіріп кетті. Ол кездері мұнда тек қазақтар өмір сүрді. Сондықтан олар қабыл алып, көмек көрсетті. Қиын уақыттарды бастан өткеріп жүрген қазақ отбасылары балшық үйлеріне кіргізіп, қабылдады. Біздің жанұямыз да үш баласы бар ерлі-зайыптыны қабылдады. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін - 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірімділік көрсететін, түрлі халықтарды туғанындай қабылдаған қазақтарға Алғыс айту күні деп атап өткен дұрыс болар еді. Бұл бізді одан әрі жақындастырар еді. Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне мейірім, достастық және махаббат таныту мерекесі бола алады», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар

Елданаға ел риза

Спорт • Кеше

Жұмекеннің «Балаусасы»

Руханият • Кеше

Сүйіспеншілік сабағы

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар