«Қымбатты отандастар, баршаңызды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтаймын! Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев белгілеген бұл мереке өзара сенім мен ізгіліктің, мейірімділіктің, сондай-ақ көпұлтты Қазақстан халқының ортақ тарихи мұрасының символына айналды.
Біз барлық кезде береке-бірліктің арқасында кез келген сынақтан сүрінбей өтіп, алға қойған мақсаттарымызға қол жеткізе алдық. Қазақстандықтардың қастерлі құндылықтары – ауызбіршілік, толеранттылық пен өзара түсіністік алдағы уақытта да біздің ортақ шаңырағымыз – Қазақстан Республикасын одан әрі дамытуда мызғымас тірегіміз болып қала береді деп сенемін.
Қазақстандағы татулық пен келісім үшін, сондай-ақ Отанымыздың өсіп-өркендеуі жолындағы адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс айтамын!
Барлық қазақстандықтарға, әр отбасына зор денсаулық және амандық тілеймін!
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин» делінген құттықтауда.