«Алғыс айту мейрамы 2016 жылы Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен белгіленіп, содан бері барша қазақстандықтардың бір-біріне деген құрметін көрсетіп, ризашылығын білдіретін, бірлік-берекеге шақыратын мемлекетіміздегі ең жарқын мерекелердің біріне айналды. Сондай-ақ ұлттар арасындағы бауырластықты одан әрі тереңдетіп, жас ұрпақты мейірімділікке, отансүйгіштікке тәрбиелейтін ерекше мереке.
Тұрақтылық пен жалпыұлттық құндылықтарды сақтау және одан әрі нығайту Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елді дамыту жолындағы негізгі бағытының бірі», делінген құттықтауда.
Сондай-ақ ол Қазақстан халқы Ассамблеясының рөліне, оның ішінде, Мәжілістегі Ассамблеядан сайланған депутаттардың елімізді дамытуда еселі еңбек етіп келе жатқанына назар аударды.
Мәжіліс спикері Тәуелсіз Қазақстанымыздың тірегі саналатын барша халқымызға өз алғысын білдіріп, әрбір отбасына, әрбір азаматқа денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбіт өмір тіледі.