Іс-шараға қатысушылар ақынның қазақ, украин және орыс тілдеріндегі өлеңдерін - «Тарас», «Алатау», «Ұлына жауап» және тағы басқаларын жатқа оқып, өмірбаянын айтып берді, сонымен қатар, қазақтың дәстүрлі тағамдарымен шай дастарханын ұйымдастырды.
Жалпыға мәлім, биыл еліміз Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығын атап өтеді. Киев көшелерінің бірі оның құрметіне аталған және «Нивки» саябағында ескерткіш орнатылған.