Аймақтар • 01 Наурыз, 2021

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері алматылықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

1 наурызда Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алғыс айту күніне арналған брифинг өтті. Брифинг барысында «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Алматы қаласындағы филиалының төрағасы Абайдулла Жапаров пен орыс этномәдени орталығының төрағасы Всеволод Лукашев Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан Алғыс айту күнімен құттықтады.

Этномәдени бірлестіктердің өкілдері алматылықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

«Алғыс айту күні-бұл еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне деген құрметін тағы бір рет көрсету мүмкіндігі, ортақ тарихымызды құрметтеу күні, өзара көмек, қолдау және жауапкершілік күні. Көктемнің алғашқы күні Алғыс айту күні еліміздің басты байлығы - халық бірлігін одан әрі сақтауға және көбейтуге ықпал етсін», деді Абайдолла Жапаров.

Өз кезегінде, орыс этномәдени орталығының төрағасы Всеволод Лукашев Алғыс айту күні Қазақстан Республикасының мерекелер тізіміне енгізілгенін хабарлады.

«Бұл мерекенің мақсаты-қоғамның топтасуын, азаматтық бейбітшілікті, қоғамдық келісімді көрсету, ортақ тарих негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту», деді В.Лукашев. Бұл күні Алматыда санитарлық нормаларды сақтауды ескере отырып, бірқатар іс-шаралар өтуде. Мысалы, ардагерлер госпиталінде интернационалистер ардагерлеріне оңалту құралдары табыс етіледі.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамасымен Алғыс айту күні 2016 жылдан бастап мерекеленуде.