Агенттіктің кадр саясатындағы басты бағдар - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін жаңа көзқарас пен батыл идеяларды ұсынуға қабілетті, жігерлі талантты адамдарды тарту және өз қатарында ұстау болып отыр. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Аппарат басшысы Қуаныш Жапақов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қуаныш Жапақовтың айтуынша, аталған бағдардың басты құралы уәждемелеу және жоғары жалақы. Оны қамтамасыз ету үшін органның ұйымдық-штаттық құрылымын және ішкі бизнес-процестерін оңтайландыру бойынша үлкен жұмыстар атқарылған.
- Оның нәтижелері бойынша артық басшылық буындар 2 есеге жуық қысқартылды, басқарушы лауазымдар саны 453-тен 240-қа дейін азайтылды (басшылардың орындаушыларға арақатынасы 1-ден 7-ге дейін жеткізілді), қосалқы қызметтердің қызметі орталықтандырылды, өңірлік бөлімшелердің 90% - ы таратылды. Соның салдары ретінде алаңдарды, көлікті күтіп ұстауға, ұйымдастыру техникасы мен шаруашылық тауарларын сатып алуға және басқа да шығындарға ілеспе әкімшілік шығыстарды оңтайландыру жүргізілді, деді ол.
Оңтайландыру қорытындысы бойынша қаражатты үнемдеу цифрландыруға, «ANTIKOR ORTALYGY» сервистік орталығының құрылысына, қызметкерлердің жалақысын арттыруға және оларды материалдық уәждемелеу үшін сыйақы қорын қалыптастыруға бағытталған, нәтижесінде қызметкерлердің табыс мөлшері екі есеге дерлік артты.
- Бұл жобаны іске асыру тағы бір маңызды міндетті шешуге - құқық қорғау қызметінің беделін арттыруға ықпал етті. Жеке компаниялар қызметкерлерінің еңбекақысының мөлшерімен салыстырылатын жалақының жоғары деңгейі азаматтық сектордан және басқа да мемлекеттік органдардан жоғары білікті кадрлардың келуін қамтамасыз етті, дейді ол.
Сондай-ақ Қуаныш Жапақов қазір жеке құрам басқа құқық қорғау және арнайы органдардың жоғары білікті мамандарымен айтарлықтай күшейтілгенін атап өтті.
- 7-еуінің Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министрдің Кеңсесінде, 15-інің ұлттық қауіпсіздік органдарында, 29-ының прокуратурада, 17-сінің азаматтық секторда жұмыс тәжірибесі бар. Оның ішінде әрқайсысы Агенттіктің ұйымдық құрылымында маңызды орындарға ие.
Агенттіктегі мемлекеттік қызметтің беделі мен тартымдылығын атап өткен жөн. Мұны бізге жұмысқа кіруге ниет білдірушілердің саны дәлелдейді. Осылайша, «Б» корпусының бос лауазымдарына орналасуға арналған конкурстарға орта есеппен бір орынға 21 үміткер қатысады. Бұл басқа орталық мемлекеттік органдарға үміткерлердің орташа көрсеткішінен 3 есе жоғары – бір орынға 7 адам.
Жалпы жекелеген лауазымдарға конкурсқа қатысушылар саны 1 орынға 37 адамға дейін жетеді, - деді ол.
Айта кетейік, кадр саясатын құру кезінде қызметкерлердің білім сапасына баса назар аударылған. Қазіргі уақытта Агенттікте шетелдік жоғары оқу орындарының 32 түлегі жұмыс істейді, олардың 12-і «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алған. 2 қызметкер PhD дәрежесіне ие, тағы екеуі оны алуға дайындалуда, 10 қызметкер ғылым кандидаты, 127-сі магистр.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта шетелдік жоғары оқу орындарында 7 адам, оның ішінде алтауы «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алуда. Ал Сот төрелігі академиясында – 2, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында – 3, Құқық қорғау органдарының академиясында – 2 адам докторантура және магистратура бағдарламалары бойынша оқуда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Аппарат басшысының айтуынша, Агенттіктің 5 қызметкері Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі. Бұл ведомствоның аз санын ескере отырып, мемлекеттік органдар арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі екенін де тілге тиек етті.
- Агенттік қызметкерлері жоғары кәсіби қасиеттерден басқа әртүрлі салаларда басқа таланттарға ие. Мысалы, Қарағанды облысында таэквондодан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1-дан қара белбеу иегері, екі дүркін әлем чемпионы, Әлем кубогының абсолютті иегері Әлия Сүлейменова жұмыс істейді. Көптеген қызметкерлер шығармашылықпен айналысады, олардың кейбіреулері республикалық конкурстардың лауреаттары. Ақмола облысы бойынша департаменті басшыларының бірі Арман Бердалин халықаралық және республикалық айтыстардың жеңімпазы, бірнеше өлең кітаптардың авторы, ақындардың халықаралық одағының мүшесі, - деді Қуаныш Жапақов.
Көз тоймайтын коттедж қалашығы
Аймақтар • Бүгін, 08:33
Руханият • Бүгін, 08:30
Жайылымдық жер де күтім тілейді
Қоғам • Бүгін, 08:25
Аймақтар • Бүгін, 08:22
Теміртау экологиясын оңалтуға назар аударды
Экология • Бүгін, 08:21
Мақсаты айқын, қалыптасқан, орнықты құрылым
Пікір • Бүгін, 08:15
Елбасы және Қазақстан халқы Ассамблеясы
Қазақстан • Бүгін, 08:13
Пікір • Бүгін, 08:10
Қоғам • Бүгін, 07:57
Ғылым • Бүгін, 07:42
Абайдың қарасөздері – тәрбиенің қайнар көзі
Абай • Бүгін, 07:40
Белгісіз дерттің беті қайтқан жоқ
Қоғам • Бүгін, 07:40
20 мыңға жуық тұрғын екпе салдырды
Аймақтар • Бүгін, 07:39
Алтынсарин және Қостанай мектебі (Оның бастау арнасы – Троицк кездейсоқ таңдау емес)
Тарих • Бүгін, 07:35
Жастарды стартап жобалар қанаттандырады
Ғылым • Бүгін, 07:35
Руханият • Бүгін, 07:32
Руханият • Бүгін, 07:31
2020: Музейге қанша адам барды?
Руханият • Бүгін, 07:29
Ақындар мен суретшілер бақ сынайды
Оқиға • Бүгін, 07:27
Қоғам • Бүгін, 07:25
Арыздың көбі банк секторына тиесілі
Қаржы • Бүгін, 07:22
«Жас маман» жастарға жол ашады
Пікір • Бүгін, 07:20
Криптофермалардың қарасы көбейіп келеді
Пікір • Бүгін, 07:19
Әкімдер Парламентте есеп беретін болады
Парламент • Бүгін, 07:07
Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі ұлттық жобалар қалай бағаланады?
Қазақстан • Кеше
Қарағандыда әкімдік ғимаратынан ер адам құлап, қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
БЖЗҚ: Қанша адам емделе алады?
Қоғам • Кеше
Спорт • Кеше
Петропавлда ер адам көлік иесіне 1 млн теңге шығын келтірді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Қазақстан • Кеше
Көк байрағымыз – ең биік шыңдарда
Қазақстан • Кеше
Шалдай орманы тағы да өртке оранды
Аймақтар • Кеше
Несиесі – арзан, тәуекелі – қымбат
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Қаршадай балаға қанат бітірген «Жас тұлпар»
Аймақтар • Кеше
Теннис • Кеше
Ахметжан Есімов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Сот «СҚ-Фармацияның» экс-басшысын босатудан бас тартты
Елорда • Кеше
Жандарбек Бекшиннің басы тағы дауға қалды
Медицина • Кеше
Сортөбенің бағы еселеніп келеді
Руханият • Кеше
6 қызғалдақты жұлған азамат 3 жылға сотталуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
«Ashyq» жобасы 7 өңірінде жұмыс істер тұр
Технология • Кеше
Еңбек нарығында қандай мамандарға сұраныс жоғары?
Қоғам • Кеше
ШҚО-да заңсыз балық аулаудың 70-ке жуық дерегі анықталды
Аймақтар • Кеше
Асқар Мамин салық жүйесі неғұрлым икемді болатынын айтты
Қазақстан • Кеше
Алматыда қар көшкіні болуы мүмкін
Аймақтар • Кеше
Елжан Біртановқа үйден шығуға рұқсат берілді
Қоғам • Кеше
Өскеменде көпқабатты үйдің қабырғасы қарс айырылды
Аймақтар • Кеше
Масаншыдағы дүнген ұлтының өкілдері қазақ тілін үйренуде
Аймақтар • Кеше
Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салына ма?
Қоғам • Кеше
Қазақстан мен Армения саяси кеңес өткізді
Қазақстан • Кеше
Елорда • Кеше
Биыл 1000 мектеп қайта жаңартылады
Білім • Кеше
Елімізде 2 607 жаңа басқару нысаны құрылды
Қазақстан • Кеше
Шығыс Қазақстанда ғылымның 8 бағыты қамтылды
Ғылым • Кеше
Ұқсас жаңалықтар