Қайдар Ысқақұлы қылмыстылық өршіп тұрған қиын-қыстау 90-шы жылдары тергеуші болып істеді. Есірткі бизнесі, рэкет, мемлекет меншіктерін талан-таражға салу сияқты қылмыс түрлерімен күресуде тәртіп сақшаларының тәжірибелері болмаған. Жаңа міндеттерді игеруге офицерлердің бәрі бірдей шыдамады, тек төзімді, өз жұмысына жан-тәнімен берілгендер ғана қалды. Олардың арасында жас қызметкерлерді үйрете алатын – зиялы әрі байсалды, қайсар мінезді полиция полковнигі Кашенов болатын.
Ол КСРО ІІМ Волгоград жоғары милиция мектебін 1978 жылы бітірген. Еңбек жолын СҚО Ішкі істер басқармасы тергеу бөлімінің тергеушісінен бастаған. Кәсіби қсиеттері және терең білімі үшін Қайдар Ысқақұлының еңбегі еленіп, тергеу желісі бойынша ІІБ бастығының орынбасарына дейін көтерілді.
«Кашенов мектебінің» ықпалы бүгінгі күнге дейін сезіледі. Сіз тәрбиелеген мамандар облыстан тыс аумақтарда да жауапты лауазымдарда қызмет атқаруда. Сіздің қызметтік тізіміңізде ІІМ және ІІБ 40-тан астам марапаты бар, оның ішінде ҚР ІІМ Құрмет грамотасы, «Мінсіз қызметі үшін» медалі, «ҚР ІІМ Құрметті қызметкері», «Милиция үздігі» төс белгілері және көптеген алғыстары бар. Сіз біз үшін Отанға қалтқысыз қызмет етудің және өз мамандығына деген адалдықтың үлгісі - өзіңіз», деді Марат Төлебаев өзінің сөзінде.
ҚЫЗЫЛЖАР