Аймақтар • 01 Наурыз, 2021

Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды

1683 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан бір ай шамасы бұрын Петропавлда шешесі ұрып-соққан 3 жасар қыз ауыр халде аурухананаға түскен болатын. Дәрігерлер 17 қаңтардан бері оның өмірін сақтау үшін күресіп келді. Алайда кеше сәби ауыр соққыдан арыла алмай көз жұмды.

Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды

Осы уақыт аралығында ессіз сәбиді аямай ұрып-соққан 22 жастағы санасыз әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша іс қозғалып, оған тек «шақырғанда міндетті келу» деп аталатын бұлтартпас шарасы қолданылып, бостандықта жүрген.  Енді, баланың өлуіне байланысты оған қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы ҚК-тің 106-бабының 3-бөлігіне алмастырылды. Оның жазасы енді 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін. Қазір әйел ұсталып, қамауға алынды.

Қылмыстық істің тергелу барысы Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті мен облыс прокуратурасы басшылығының ерекше бақылауына алынды.

 

Петропавл