Аймақтар • 02 Наурыз, 2021

Мұнайы мол Маңғыстау

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Маңғыстауда Өзен және Жетібай кен орындарында мұнай бұрқағының атқылағанына 60 жыл толмақ. Мереке қарсаңында мұнайы мол дала тағы бір жағымды жаңалықты халық игілігіне ұсынды. Ол – Маңғыстау облысындағы Бейнеу және Маңғыстау аудандарының аумағында орналасқан Тәңке учаскесінен ТЗ-1 бірінші барлау ұңғымасынан мұнай бұрқағының атқылауы. Алынған сынамалар бойынша мұнай сапасы өте жоғары, жеңіл, күкірті жоқ.

Мұнайы мол Маңғыстау

Қуанышты хабарды жеткізген «Меридиан Петролеум» ком­пания­сының президенті Б.Қуан­ды­қовтың айтуынша, Тәңке­дегі кен­орын  –  еліміз тәуел­­сіздігін алғалы 30 жылда Маң­­ғыстау облысында ашылған алғаш­қы ең ірі кен орны болмақ.

– 2018 жылы басталған гео­ло­гиялық барлау жұмысы нәтижесін берді. Алынған мұ­найдың қысы­мы, дебиті, газ­дық факторы және басқа да пара­метрлері бойын­ша ірі кен орны болады деп жос­парлап отыр­мыз. Қазір кен орнын­дағы мұнай қорын анықтау жұ­мыс­-
тары жүріп жатыр. Жаңа кен орнының айналасында «Қа­ра­құдық», «Арыстан» және «Ком­­сомольское» кен орындары ор­наласқан, – деді «Меридиан Петро­леум» компаниясының прези­денті Б.Қуандықов. 

 Жаңа кен орнына аты аңызға айналған геолог-барлаушы, Маңғыстаудағы барлық кен орнын ашуға атсалысқан Халел Өзбекқалиевтің есімі берілді.

Жұртшылық жаңа мұнай кен орнының ашылуы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына кең серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының құрылуына жол ашады деген сенімде.