Экология • 02 Наурыз, 2021

Көзбояушылықпен айналысатын компания

267 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жуырда Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «АрселорМиттал» компаниясының вице-президенті Вижай Гоял мырзамен кездесті. Кездесу барысында тараптар компания өткізетін табиғатты қорғау іс-шараларын, сондай-ақ эмиссиялардың асып кетуі бойынша жақында орын алған оқиғаны талқылады.

Көзбояушылықпен айналысатын компания

Әңгіме барысында министр Теміртау атмосферасының лас­тану деңгейі бүгінде еліміздегі басты экологиялық проб­ле­ма­лардың бірі екенін атап өтті. М.Мырзағалиевтің айтуынша, жыл сайын «Арселор Миттал Теміртау» АҚ метал­лургиялық кешенінен атмос­фералық ауаға 230 мың тоннадан астам лас­таушы зат шығарылады. Бұл қаланың әр­бір тұрғынына (балалар мен әйел­дерді қоса алғанда) шамамен 11 тонна ластаушы заттан келеді.

Ведомство басшысы ком­пания жүзеге асырып жат­қан табиғатты қорғау іс-шара­ла­ры­ның тиімсіз екенін жеткізді.

«Кәсіпорында тек қағаз жү­зінде және көзбояушылық үшін жұмыс істейтін тиімділігі аз та­­биғат қорғау шаралары ен­гі­зіл­ді», деді министр.

Соңғы 5 жылда кәсіпорын табиғатты қорғау іс-шарала­­ры­на 28 млрд теңге (67 млн доллар) жұмсады, ал экология­лық тиімділік шығарындылар­дың 190 тонна немесе «Арселор Мит­­тал Теміртау» нақты шы­­ға­рындыларының 0,08%-ына төмен­деуін ғана құрады. 2019 жылы компания 2019-2024 жыл­­дар ішінде шығарындылар кө­­лемін 60 мың тоннаға азайту мін­детін алды.

«Алайда кәсіпорын әлі күн­ге дейін өзіне алған міндет­те­­мелерді орындау бойынша ша­­ралар қабылдамады», деді М.Мырзағалиев.

Теміртаудың экологиялық ахуалын ескере отырып, ведом­ство басшысы компания бас­шылығының ал­дына озық қол­жетімді техно­логияларға кө­ше отырып, шығарындылар кө­лемін таяудағы 4 жылда кемінде 30%-ға төмендетіп, өндірісті толық реконструкциялау жә­не жаңғырту туралы мә­селе қой­­ды. Сондай-ақ министр нақ­­ты уақыт режімінде дерек­тер­­ді бере отырып, эмис­сия­лар мониторингінің авто­мат­тан­­дырылған жүйесін ен­гізу қа­жеттігін атап өтті. Қа­ла эко­ло­гиясының жай-күйін жақ­сар­­ту шараларының қа­та­рын­да М.Мырзағалиев ком­па­ния­ның Теміртау мен оған ірге­лес аумақта (500 мың ағаш отыр­ғызу) «жасыл белдеу» құру жө­­ніндегі міндеттемесін еске салды.