Спорт • 02 Наурыз, 2021

Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды

84 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада теннистен Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Forte Challenger 125 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды

Әлемнің 96-ыншы, осы доданың 3-ракеткасы Михаил Кукушкин дүниежүзілік рейтингте 179-орында тұрған португалиялық Фредерико Феррейра Сильвамен кортқа шықты. Бұл ойында М.Кукушкин қарсыласына 3:6, 5:7 есебімен есе жіберді. Ол бір апта бұрын да елордадағы осындай турнирде алғашқы айналымнан аса алмаған болатын. Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев жапониялық Татсума Итодан 4:6, 6:2, 3:6 есебімен ұтылды. Жексенбі күні төрт бірдей қазақстандық іріктеу сайыстарында-ақ жолдан шығып қалды. Ертең қазақстандықтар Тимофей Скатов пен Дмитрий Попко өзара кездесіп, қай жеңгені екінші айналымға шығады.

Сондай-ақ Александр Недовесов жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған украиналық Владислав Манафовтың шамасын байқап көреді. Д.Евсеев өзбекстандық аттасы Денис Истоминмен бірге жұптық сында осы доданың 1-ракеткалары, америкалықтар Джексон Уизроу – Натаниэл Лэммонспен шеберлік байқасады.