«Денсаулық сақтау саласының кадрлық әлеуетін дамыту үшін дәрігерлердің жалақысын, мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары жалғасады. Биыл 11 мыңнан астам маманды, оның ішінде 35-ін шет елде оқыту жоспарланған», деді ол.
Министрдің айтуынша, биыл еліміздің медициналық жоғары оқу оргындарын 5 мыңнан астам түлек бітіріп шығады. Олардың шамамен 3 мыңы алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына жұмысқа жіберіледі.
«Бұл ретте алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігерлерінің тапшылығы 2 540, оның ішінде ауылдық жерлерде 848 маманды құрайды. Әлеуметтік қолдауды дұрыс ұйымдастырған жағдайда кадрларды жергілік жерлерге бекітіп, кадр тапшылығы мәселесін шешуге болады», деді Алексей Цой.