Медицина • 02 Наурыз, 2021

Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады

3623 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медицина саласының басты проблемаларын атады, деп хабарлайды Egemen.kz

Алексей Цой медицина саласында мәселе көптігін мойындады

«Қабылданып жатқан іс-шараларға қарамастан келесі негізгі проблемалар бар. Пациенттер деңгейінде – бұл ұсынылатын қызметтердің сапасы, әлсіз коммуникация, мамандарға кезек, медициналық қызмет көлемінің, жоғарытехнологиялық және қымбат қызметтердің жеткіліксіздігі, салалық мамандардың тапшылы, халық саны 300 адамнан аз ауылдарда медицина ұйымдарын, дәріхана пункттерін дамыту қажеттігі», деді министр.

Министрдің айтуынша, алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде жан басына қаржыландыруды жетілдіру талап етіледі.

«Цифрландыру толық көлемде аяқталған жоқ. Бүгінде аудандық деңгейден төмен медициналық ұйымдардың интернетпен қамтамасыз етілуі, сонымен қатар медициналық ақпараттық жүйелермен ықпалдасуы 84,2 пайызды құрайды. Кадрлық әлеуеттің, әлеуметтік кепілдің жеткіліксіздігі және төмен жалақы да орын алған. Инфрақұрылым мен жабдықталу төмен. Жекелеген кейбір ауылдық елі мекенде алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысандары, сонымен қатар медициналық нысандар тозған және жоқ та», деді Алексей Цой.

 

Соңғы жаңалықтар