6 наурызда алғашқы 13 ер-азамат конституциялық міндетін орындау үшін аттанады. Қазір олар шақыру комиссиясының отырысынан өтуде. Онда шақыру комиссиясының төрағасы мен медициналық комиссия төрағасының қатысуымен кандидатты қайта тексеру жүргізіледі. Оның қызметінің мотиві мен психологиялық көзқарасы тексеріледі.
Шымкенттің жергілікті әскери басқару органдарында атап өткендей, еліміздің үшінші мегаполисінің жастары әскери қызметке белсенді қызығушылық танытуда, соның есебінен бәсекелестік туындайды және тек үздіктер ғана әскерге аттана алады.
Әскерге шақырылушылар мен лауазымды тұлғалар арасында коронавирустық инфекцияның таралмауы үшін жинақ пункттерде медициналық бекеттер орналастырылды. Облыстық медициналық комиссиялардың құрамына инфекционист дәрігерлер енгізілді.
Жас буын әскери бөлімдерге кетер алдында міндетті түрде ПТР-зерттеу әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеу жүргізіледі. Ал бөлімге келгеннен кейін жастар екі апталық карантинге оқшауланады. Карантин кезінде медициналық тексеру және әлеуметтік-психологиялық зерттеу жүргізіледі.
Кейінге қалдыруға құқығы бар әскерге шақырылушылар санатын кеңейту де маңызды жаңалық болып табылады. Енді кейінге қалдыру қосымша: педагогтерге, олардың бүкіл жұмыс кезеңіне, сондай-ақ құқық қорғау органдарының білім беру мекемелерінде оқудан өтіп жатқан адамдарға берілетін болады.