Гуманитарлық орталықты содырлар толығымен өртеп жіберген, бірақ оның қызметкерлері зардап шеккен жоқ. 25 қызметкер содырлардың бақылауындағы ғимаратта. Алдын ала дерек бойынша, шабуылды «Ислам мемлекетінің Батыс Африкадағы провинциясы» (бұрынғы «Боко Харам») террористік тобының мүшелері жасаған.
БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик болған оқиғаның егжей-тегжейін жариялаудан әзірге бас тартып отыр. 2015 жылғы наурыз айында «Боко Харам» «Ислам мемлекеті» террористік тобына ант беріп, атауын «Ислам мемлекетінің Батыс Африкадағы провинциясы» деп өзгерткен еді. Олар батыстық білім беру моделіне қарсы және шариғатты бүкіл елге енгізу керек деген идеяны қолдайды.