Аймақтар • 02 Наурыз, 2021

Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады

121 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округіндегі ет фабрикасы жылына 250 тонна жартылай ет (фарш) және шұжық өнімі шығарылады, деп хабарлайды Egemen.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мұнайлыда жылына 250 тонна ет өнімі шығарылады

Фабриканың ашылғанына 20 жылдан асты. Оның негізін қалаушы жеке кәсіпкер Игорь Поздняков 144 тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Оның ішінде әлеуметтік осал топтағы адамдар да бар. Дайын өнім тек Маңғыстау облысының ғана емес басқа да өңір тұрғындарының қажеттілігін қамтамасыз етіп отыр.

Айта кетейік, соңғы жылдары отандық өнімге көрші елдерден де сұраныс бар, делінген аудан әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

«Кезінде өз қаражатымызбен жартылай ет және шұжық өнімдері халыққа қолжетімді бағада сатылуы үшін аштық. Шикізатты Қостанай облысынан алдырамыз», -деді кәсіпкер Игорь Поздняков.