Білім • 02 Наурыз, 2021

Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқушыларға мектепке міндетті мектеп формасында емес, еркін және ұқыпты киімде келуге рұқсат етілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналардың өздері қабылдайды

«Балалар мектепке мектеп формасымен немесе классикалық стильге жақын өзіне ыңғайлы әрі ұқыпты киіммен келе алады. Ата-аналарға мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ. Оқу жылы басталғанға дейін Білім және ғылым министрлігі биылғы оқу жылында мектеп формасына қатысты шешімді ата-аналарға қабылдауға мүмкіндік беретін бұйрыққа қол қойған болатын», - деді Шолпан Каринова.

Сондай-ақ, вице-министр балалардың жекелеген санаттарының тамақтануы, тұруы, тасымалдануы өңірлердің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерімен келісіліп қамтамасыз етілетінін атап өтті. Барлық қабылданған шешімдер ата-аналарға алдын ала жеткізілуі керек.