Тағайындау • 02 Наурыз, 2021

Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды

711 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Мұрат Баритұлы Теміржанов Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Egemen.kz Премьер-Министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы тағайындалды

Мұрат Теміржанов 1977 жылы Ақмола облысында туған. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. 

Еңбек жолын 1998 жылы Көкшетау қаласында Салық комитетінің салық инспекторы болып бастаған. 2001 жылы Зеренді ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасарының м.а. болды. Түрлі жылдары жеке меншік құрылымдарда басшылық қызметтер атқарды.

2013-2014 жж. ҚР Президент Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Ситуациялық орталығының консультантының м.а., консультанты болды.

2016-2021 жж. — VI шақырылымындағы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі. Биылғы қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі.


Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18