Ақмола облысы, СҚО, Қостанай, Қарағанды аумағындағы Есіл өзенінде көктемгі ылғалдану байқалады. Еліміздің қарлы аймақтарындағы жағдай туралы ТЖ министрі Юрий Ильин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады. Ол сондай-ақ ықтимал тәуекелдерді атап өтті.
«Алдағы су тасқыны кезеңінде өткен жылдармен салыстырғанда топырақтың қатып қалуының артуы неғұрлым проблемалы болып отыр. Кейбір аймақтарда әдеттегі нормативтік бақылаулардан 70 см-ге дейін жоғары, бұл, тиісінше, қарқынды еру және қатты жауын-шашын кезінде, еңісті еріген су тасқыны құбылыстарының пайда болуына әкелуі мүмкін. Қазіргі кезде су ресурстары комитетінің бөлімшелері су қоймаларының толымдылығы бойынша мониторинг жүргізеді. Су қоймалары штаттық режимде жұмыс істейді, қар еріген кезде біртіндеп транзиттік жұмыс режиміне көшеміз. Бұл келетін суды шоғырландыруға және оны көктемгі су тасқыны кезеңінде кедергісіз өткізуге мүмкіндік береді», - деп сендірді ведомство басшысы.
Алдағы күндері «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізу жоспарланған. Оның барысында азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің әзірлігі тексеріледі.