31 Желтоқсан, 2013

Дағдылану да – басты міндет

290 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Практикалық дағдыларға оқыту және практикалық біліктілікке ие болу жөніндегі бағдарламаларды қосып, орташа және жоғары білімнің оқыту бағдарламаларының бағытын және мәністерін өзгерту», деп жаңа міндет қойғандығы белгілі.

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Практикалық дағдыларға оқыту және практикалық біліктілікке ие болу жөніндегі бағдарламаларды қосып, орташа және жоғары білімнің оқыту бағдарламаларының бағытын және мәністерін өзгерту», деп жаңа міндет қойғандығы белгілі.

Қазір мамандар даярлығын же­тілдіру білім беру қызметінде білік­ті әдістемені қолдану және үздіксіз кәсіби білім идеясын іске асыру мүмкіндігін беретіндігімен танылып отыр. Медицинада жоға­ры технологиялардың пайда болуы, жаңа емдік-диагностикалық әдістемелерді енгізу, сайып келген­де бұның бәрі теориялық және прак­тикалық дағдыларды бағалауға сапалы жаңа әдістемелерді әзірлеу міндеттерін қояды.

Сонымен қатар, жаңа бағалау жүйесін енгізу денсаулық сақтау мамандарының білімі жүйесіндегі реформаларды ойдағыдай жүзеге асыруға, медициналық көмектің сапасын және практикалық ден­сау­лық сақтау мамандарының әле­­уетін арттыруға мүмкіндік туғы­зады.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамы­тудың 2011-2015 жылдарға арнал­ған «Саламатты Қазақстан» мем­лекеттiк бағдарламасының іс-ша­ралар жоспарында медициналық ЖОО, колледждер түлектерінің және денсаулық сақтау маман­дарының білімін және дағдыларын тәуелсіз бағалау институтын енгі­зу бойынша нақты міндеттер қо­йылды. Осыған орай, 2012 жылдан бастап басым бағыттары мы­налар болып табылатын Білім және дағдыларды бағалау республикалық орталығы (бұдан әрі – БДБРО) жұмыс істей бастады:

– денсаулық сақтау маман­дарының кәсіби даярлығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау;

– өлім жағдайларына жол берген денсаулық сақтау ма­ман­­да­рының білімі мен дағды­ларын ба­ғалау (Қазақстан Рес­пуб­­ли­касы Денсаулық сақтау ми­нис­тр­­лігінің ана, нәресте өлімін және қан айналым жүйесі ауруларын төмендету жөніндегі республикалық штабтың ұсы­нымдары бойынша);

– Астана және Алматы қалала­рында симуляциялық технология­ларды пайдалану арқылы ден­саулық сақтау мамандарын оқыту.

Көптеген елдерде (АҚШ, Ка­нада, Англия, Австралия, Израиль) симуляциялық технологияларды пайдалану арқылы түлектер мен мамандарды емтихандау шарасын жүргізетін тәуелсіз құрылымдар бар. Бұл білім мен дағдылар деңгейін объективті бағалауға, ЖОО-ға кадрларды даярлауға ана­ғұрлым қатаң, ал түлектер мен мамандарға салада одан әрі болу мәселесіне жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда елдегі денсаулық сақтау мамандары білім және дағдыларды тәуелсіз бағалауды енгізу жүйесі дамудың жаңа кезеңінің табалдырығында тұр. БДБРО – денсаулық сақтау мамандарын тікелей тәуелсіз ба­ға­лау функцияларын жүзеге асы­ратын, симуляциялық техноло­гияларды пайдалана отырып сертификаттау емтихандарын ұй­ымдастыру мен өткізуде тәжі­ри­бе жинақтаған түбегейлі жаңа құрылым болып табылады. 2013 жылдың қыркүйек айында рес­публикада алғаш рет БДБРО Астана мен Алматы қалаларында 174 дәрігер мен 86 орта буынды медициналық қызметкер үшін денсаулық сақтау мамандары біліктілігінің сәйкестігін растау мен кәсіби даярлықтың қанатқақты бағалауын табысты өткізді. Сер­тификаттаудың емтихан жүйесіне симуляциялық технологияларды пайдаланып, теориялық (150 сұрақтан тұратын тест тапсырмалары) және практикалық дағ­дыларды бағалаудың кезеңдері кіреді. Қанатқақты бағалауды жүргізудің қорытындылары бойынша денсаулық сақтау мамандары жақсы нәтижелер көрсетті. Тестілеу жүргізгенде жоғары білімі бар мамандардың ең жоғары балы 109 болды, ең төменгісі 41 балл құрады. Ал орта буынды меди­циналық қызметкерлердің ең жоғары балы 108-ді көрсетсе, ең төменгісі 31 балға тұрақтады.   

Медициналық қызметкерлердің пациенттер алдындағы жоғары жауапкершілігін есепке ала отырып, сонымен қатар, дәрігердің қателесуін болдырмау мақсатында кәсіби даярлық деңгейін арттыру қажет.

Осыған орай, ірі көпбейінді клиникалар базасын заманауи муляждармен және фантомдармен жабдықтау үшін денсаулық сақтау мамандарының кәсіби даярлығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау мақсатында 16 өңірлік симуляциялық орталық құру жос­парланды. Ол медициналық персоналдың іс-қимылын автоматты түрге дейін жеткізуіне және де медициналық қызметтер көрсету сапасын басқару мен дәрігерлік қателіктерді азайтуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, ЖОО-да, колледж­дерде симуляциялық оқы­туға қойылатын талаптарды, стан­дартталған әдістемелерді үйлестіру мен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейтін симуляциялық орталықтар БДБРО белгілеген бірыңғай әдістемеге сәйкес оқыту жүргізеді.

Денсаулық сақтау маман­дарына біліктілік санатын бе­ру арқылы практикалық дағ­ды­ларды бағалаудың жаңа жүйесін енгізу республиканың ден­сау­лық сақтау саласын кәсіби даяр­ланған медициналық кадрлармен қамтамасыз етеді. Түлектер мен оны даярлаған ЖОО жауап­кершілігін күшейтеді халыққа дәрігерлік көмек көрсету сапасын арттырады. Сөйтіп, медицина саласындағы инновациялық технологияларды жаңарту мен дамыту үшін негіз қалайды, сондай-ақ қазақстандық мамандардың бәсекелестікке қабілеттілігін жо­ғар­латып, еуропалық және әлем­дік білім беру қоғамына кіруге мүмкіндік береді.

Қорытып айтқанда, дағдылану қашанда қажет. Оны өмірдің өзі талап етіп отыр.

Гүлмира ЖАНГЕРЕЕВА,

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Білім

және дағдыларды бағалау республикалық

орталығының басшысы.