
Павлодарда екі жасар ер бала бесінші қабаттағы терезеден құлап кетті. Жазатайым оқиға әжесінің үйінде болғаны анықталды.
Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сәуле Шәкенова хабарлады.
- Бүгін 2 жасар бала әжесінің үйінде қонақта болған уақытында 5-қабаттан құлап кеткен. Зардап шеккен жеткіншек көптеген жарақатпен, ауыр жағдайда облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Бұл жыл басынан балалардың биіктен құлауы бойынша тіркелген облыстағы алғашқы оқиға, - деп хабарлады балалар омбудсмені.
Облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметі қабылдау кезінде ер баланың жағдайы ауыр, бірінші дәрежелі комаға түскенін хабарлады.
«Балада түрлі жарақат бар: жабық бас миының жарақаты, мидың шайқалуы, ми жарақаты. Сондай-ақ, өкпе контузиясы, іш құрылысының жарақаты тіркелді. Қазіргі уақытта ми, мойын, кеуде қуысы, іш қуысы жамбасын қамти отырып компьютерлік томография жасалды. Баланы тексеру әлі де жалғасуда», - деп мәлімдеді балалар ауруханасынан.
Павлодар облысы