Аймақтар • 13 Сәуір, 2025

Әкімдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінінің Жамбыл облысы бойынша департаменті тарапынан мемлекеттік сатып алу порталына тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде саладағы бірқатар кемшілік анықталып, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әкімдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында БАҚ өкілдерімен кездескен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ернар Мақажановтың айтуынша, осы жылдың алғашқы үш айында мемлекеттік органдардың 102 сатып алу жоспары қайта қаралған. Нәтижесінде 854 млн бюджет қаражаты үнемделген.

«Мемлекеттік сатып алу саласына жүргізілген мониторинг барысында Меркі ауданындағы бірқатар ауылдық округ әкімдері тарапынан заң бұзушылықтардың жүйелі сипаты анықталып, мемлекеттік сатып алу шарттары негізсіз түрде бір көзден тікелей жасасу тәсілімен рәсімделгені белгілі болды. Нәтижесінде Меркі ауданының 6 ауылдық округі әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 12 әкімшілік құқық бұзушылық үшін жалпы сомасы 2,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды», дейді Е. Мақажанов.