Жаңа жыл қарсаңында Семейдегі Қазақстан Инновациялық университетінде Қаракерей Қабанбай атындағы «Батырлық мұражайы» салтанатты жағдайда ашылды. Бұл өзі игілікті шаруа болды. Оның басы-қасында жүрген азаматтар бұған дейін Астананың түбінде бой көтерген қазақ ғаскері бас қолбасшысының сәулетті күмбезін тұрғызуға атсалысқан еді. Ал одан кейінгі жерде аталған жоғары оқу орнында аты аңызға айналған батырға арналған республикалық деңгейдегі маңызды конференция өткізілген болатын.

Енді міне, сондай игі шаруаның соңы осылайша түйінделіп отыр. Соның бәріне университет президенті, профессор Нәдірбек Әпсәлемовтің ұйытқы болып отырғанын айта кеткеніміз жөн болар. Шындығында мамандығы жөнінен экономист ғалымның тарихқа ден қоюы қуантады.
Бірнеше бөлімнен тұратын батырлар мұражайында еліміздің қатпарлы тарихы кеңінен қамтылған. Онда ел есінде мәңгіге сақталып қалған өткен заманның батырларымен бірге, кейінгі қаһармандарымыз туралы деректер те баршылық. Сол себептен де бұл мұражайдың жас ұрпаққа беретін тәрбиелік маңызы зор деп білеміз. Жалпы ұлт болып ұйыса түсуіміз үшін құрғақ сөзден гөрі осындай нақты істер көп болғанға не жетсін!
Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ,
журналист.
СЕМЕЙ.