Ол құтқарылатын адамдардың ғана емес, жараланып қалған болса өзінің құтқарушы әріптестеріне де ең алғашқы болып медициналық жәрдем беруші. Сондықтан әріптестерінің бәрі оны құрметтейді. Жыл сайын ол қалалық жағажайда, қыс болса мұз үстіндегі балықшыларға қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысады, халықпен профилактикалық жұмыс жүргізеді, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмекті көрсетеді. Өзінің кәсібі туралы Муршида былай дейді: «Мен қиын жағдайға тап болған адамдарға алғашқы болып көмек көрсетемін. Мүмкін, бұл мені құтқару бөлімінде жұмыс істеуге итермелеген ең маңызды себеп шығар».
8 наурызда Муршида үшін ең бағалы сыйлық – немерелерінің өз қолымен жасаған дүниелері. Ол үйде сүйікті ана, мейірімді, қамқоршы әже. Жедел-құтқару жасағындағы әріптес ер азаматтар оны көктем мерекесімен күнінен бұрын құтықтады. Өйткені сол күні төтенше жағдай болып қалса мұршалары болмай қалуы мүмкін ғой...
ҚЫЗЫЛЖАР