Аймақтар • 03 Наурыз, 2021

Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 3 науыздағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Екі өңірде ауа сапасы нашарлайды

Қолайсыз метеорологиялық жағдай Балқаш пен Қызылорда қалаларында болады.

Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.