Аймақтар • 03 Наурыз, 2021

Павлодар облысында 28 елді мекенге су тасқыны қаупі төніп тұр

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл қардың қалыңдығы былтырғыдан 11 пайызға төмен, деп хабарлайды Egemen.kz Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында 28 елді мекенге су тасқыны қаупі төніп тұр

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі өткізген баспасөз конференциясында облыстық ТЖД басшысы Ернур Өтегенов айтты.

- Жыл сайын көктем айларында қар немесе Ертіс өзеніндегі мұздың еруімен облыс ауылдарын су басып қалатыны белгілі. Қазіргі кезде 28 ауылды елдімекенді су басу қауіпі бар. Бірақ күзгі топырақтың ылғалдануы биылғы жылға қарағанда 10 пайызға артты. 2019-2020 жылдары Баянауыл ауданында ащы су өзенінің маңында 3 млрд теңгеге арнасын тазалау, бұрмалау жұмыстарын, дамбаларды көтеру жұмыстар жүргізілді. Соның арқасында су жанындағы елді мекендерге жайылу қауіпі төмендеді. Қазір қауіп төнуі ықтимал жерлерде жұмыстар жүргізілуде, - дейді Ернур Өтегенов.

Оның айтуынша, былтыр Ақтоғай ауданының Шұға ауылында, Май ауданының Ақсарай ауылында «Жол картасы» шеңберінде бес қосымша дөңгелек құбыр салынып, судың жайылып кетуіне тосқауыл қойылған.

- Қазіргі уақытта Баянаул ауданында «2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасы» бағдарламасы аясында көпір салу жұмыстары басталды, - дейді Ернур Өтегенов.

Айта кетейік, 4-5 наурыз күні өңірде «Көктем-2021» оқу-жаттығу өтеді. ТЖ департаментінің басшысы құлақтандыру жүйесін іске қосылатындықтан, тұрғындарды үрейленбеуге шақырды.