Коронавирус • 03 Наурыз, 2021

Нұр-Сұлтанда медицина қызметкерлерін вакциналау жалғасуда

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында медицина қызметкерлерін вакцинациялау жалғасуда. 1 наурыздан бастап ерікті түрде мұғалімдер мен күш құрылымдарының қызметкерлері екпе қабылдауды бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда медицина қызметкерлерін вакциналау жалғасуда

Бүгінгі таңда 1-ші компонентпен 2241 адам, 2-ші компонентімен – Нұр-Сұлтан қаласының 824 тұрғыны қамтылған.

COVID-19 жаңа жағдайлары тіркелген кезде Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті індет ошақтарын оқшаулау бойынша жедел эпидемияға қарсы іс-шараларды, тығыз байланыста болған адамдарды анықтау мен зертханалық тексеруді жүзеге асырады, сондай-ақ карантиндік шараларды қабылдайды.

Алайда, бұл шаралар үнемі сақталып тұрмайтындығын түсіну керек, өйткені олар адам өмірінің барлық салаларына әсер етеді. Сондықтан бүгінгі күні вакцинация карантиннің жалғыз баламасы болып отыр.