Аймақтар • 03 Наурыз, 2021

СҚО көктемгi тасқынға дайындалуда

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзiнiң әлеуметтiк парақшасында СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов көктемгi су тасқынын болдырмау үшiн қандай жұмыстардың атқарылып жатқанын жеткiздi, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО көктемгi тасқынға дайындалуда

«Бүгiн СҚО әкiмдiгiнiң отырысында өзектi мәселе — су тасқынына дайындық барысы пысықталды. Тасқынды алдын алуға барлық күштер жұмылдырылды. Бiз қар тазалау жұмыстарын күшейтiп жатырмыз. Диқандар осы жұмысқа қосылса игi.

Сонымен бiрге әрбiр солтүстiкқазақстандықты үй аумақтарын және ауланы қардан тазартуға шақырамын. Ерiктiлер жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге көмекке келедi», — дедi өңiр басшысы.

Соңғы жаңалықтар