Қазақстан • 03 Наурыз, 2021

Қазақстанның ірі зертханалары ПТР бағасын төмендетіп жатыр

150 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2021 жылғы 1 наурызда КДЗ ОЛИМП COVID-19 ПТР бағасын 7000-нан 6500 теңгеге дейін төмендетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның ірі зертханалары ПТР бағасын төмендетіп жатыр

Екі апта бұрын, 15 ақпаннан бастап INVIVO КДЗ бағасын 9 000 теңгеден 6500 теңгеге дейін төмендетті. ОЛИМП КДЗ мәліметтері бойынша, зерттеу құнын төмендету анализаторлар паркін одан әрі кеңейту және жаңа ПТР зертханаларының қуатын арттыру арқылы мүмкін болды. INVIVO-да зертханалардың қуатын арттыру және өндірістік процестерді оңтайландыру бойынша жұмыстар жүргізілгеннен кейін бағаның төмендеуі мүмкін болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы қазанда Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша БҚДА COVID-19-ға ПТР-тестілеу нарығындағы бағаларға мониторинг және салыстырмалы талдау жүргізді, нәтижесінде БҚДА нарықтың жеке және мемлекеттік қатысушыларына КВИ-ға ПТР-тестілер құнының баға диапазонын қайта қарауды ұсынды, ол 18 000 теңгеден 11 500 теңгеге дейін ауытқиды және оны қолдану бағаны 9 000 теңгеге дейін төмендетуге мүмкіндік беретін ашық сауда-өткізу саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасасуды ұсынды.

Тұтастай алғанда, Қазақстан нарығында COVID-19-ға ПТР-тестілеуді шамамен 36 субъект жүргізеді, бұл ретте негізгі нарықтық үлеске республика бойынша филиалдары бар 3 компания ие: «ОЛИМП «КДЗ» ЖШС (61%), «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК (12%) және «INVIVO» ЖШС (5%). Қалған 22% нарықтық үлес 33 өңірлік зертханаға (жеке және мемлекет қатысатын) тиесілі.

2020 жылғы қазанда БҚДА және оның аумақтық бөлімшелері нарыққа қатысушылармен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 195-бабына сәйкес 9 000 теңгеден аспайтын босату бағасын белгілей отырып, 36 нарық субъектісімен монополияға қарсы комплаенс жасау бойынша жұмыс жүргізді. Бұл ретте, «Сұңқар» ЖШС және «Әйгерім» ЖШС жеке зертханалары бағаны тиісінше  6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті.

БҚДА КВИ ПТР-тестілеу нарығының субъектілерімен бұрын жасалған комплаенс бойынша жұмысты жалғастырып жатыр және ай сайын баға мониторингін жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар