Әйел бірден дәрігерге қаралмай танысының үйінде екі тәулік жатып қалған. Анасының талап етуімен ғана ол Аққайың аудандық ауруханасына жеткізілген. Бірақ ауыр жарақаттардың кесірінен жәбірленуші ауруханада көз жұмды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру», яғни 107-баппен қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.
Полицияның шағын ақпаратында жанжалдың неден шыққандығы айтылмайды.