Автотұрақ 191 көлікке арналған. Келушілер бір сағат үшін 100 теңге төлейді. Ол тәулік бойы жұмыс істейді.
«Демалыс күндері «Медеуге» баратын жүргізушілер ыңғайсыздыққа тап болып жатады. Автотұрақта орын жетпейді, кешенге кіреберістер қоқысқа толады. Автокөлік иелеріне толық жабдықталған автотұрақтың пайда болуы жеке көлік құралдарын пайдалану кезінде ыңғайлы болады. Сонымен тұрақ ережесін бұзатындар азаяды», деп түсіндірді компания өкілдері.
Автотұрақта қоршаулар, шлагбаум, халықаралық стандарттарға сәйкес белгілер бар. Автотұрақ ақысын паркомат көмегімен немесе онлайн-төлемнің барлық түрі – «Алматы тұрақтары» қолданбасы, мобайл банкинг, QIWI терминалдары және SMS арқылы төлеуге болады.