Аймақтар • 03 Наурыз, 2021

«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама басталды

5 рет көрсетілді

«Шымкент-циркте» аңдарсыз жаңа бағдарлама қолға алынып жатыр. Карантин режиміне байланысты ұзақ уақыт бойы онлайн жұмыс жасаған цирк өз көрермендеріне қайта есігін ашпақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Шымкент-циркі» заман талабына сай, әлемдік бренд «Cirque du Soleil» циркінің бағытында, соның элементтерін пайдалана отырып, алғаш рет аңдарсыз жаңа қойылым көрсетеді.

Бағдарламада әртістердің әуеде ұшуы, батылдық шеңберінде сақтандырусыз өнер көрсететін акробаттар, жас әртістердің дебюттік нөмірлері, клоундардың күлкіге толы жаңа репризалар секілді жаңа нөмірлер ұсынылады.

– Наурыз мерекесіне үлкен бағдарлама дайындап жатырмыз. Цирк өнерін жаңғырту, түрлі тәжірибелерді енгізуде бірқатар жоспарларымыз бар. Қазір күніне 10-20 қызметкердің дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мерекелік тартулар әзірленіп жатыр. Қазіргі таңда абаттандыру жұмыстары, білікті кадрлар дайындау, оларға жағдай жасау сынды мәселелер бойынша тұжырымдаманы қолға алып отырмыз. Болашақта мамандарға жатақхана салу бойынша ұсыныстарымыз бар. Бізде мамандар жетіспейді. Бұл өнерге еңбекқор жастарды тартуды қолға алып отырмызымыз,- дейді цирк директоры Н.Әділханов.

«Шымкент-циркі» – әлемдегі ең жас цирктердің бірі. Мекеме биыл 10 жылдық мерейтойын атап өтеді. Өнер ұжымы 2021 жылды «Аңсыз цирк» бірегей эксперименталдық жобасымен бастайды. Ендігі кезекте, клоун және шапито, джигитовка, жонглерлік ету және эквилибристика, әуе гимнасттары секілді бағыттарды дамытуды көздеп отыр.

Бағдарламаның ұзақтығы 80 минут, 5 жастан жоғары балалар мен ересектерге арналған. Билет бағасы 2000 теңгеден жоғары. Ұжымдық жеңілдіктер де қарастырылған. Билеттер онлайн кассаларда сатылады.

Соңғы жаңалықтар

Ветеринарлар қартайып барады

Қазақстан • Бүгін, 12:10

Көз тоймайтын коттедж қалашығы

Аймақтар • Бүгін, 08:33

Тілеулі батырдың қанжары

Руханият • Бүгін, 08:30

Тұқымбақтағы тындырымды іс

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Ұқсас жаңалықтар