Қаржы • 03 Наурыз, 2021

Кәсіпкерлік субъектілерінің банк шоттарынан қолма-қол ақшаны алуға шектеулер енгізілді

11 рет көрсетілді

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлік субъектілерінің банк шоттарынан қолма-қол ақшаны алуына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған шектеу 2020 жылғы 1 маусымнан бастап қолданыста болғанын және тек заңды тұлғаларға ғана қолданылғанын атап өткен жөн, ал осы жылдың басынан бастап шектеу дара кәсіпкерлерге де қолданылады, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі. 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № 150 бірлескен қаулысымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №95 бұйрығымен (сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021901)  кәсіпкерлік субъектілерінің күнтізбелік ай ішінде банк шоттарынан қолма-қол ақшаны алу сомасының мынадай шекті мөлшері бекітілді:

  1. 20 000 000 (жиырма миллион) теңге – шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін;
  1. 120 000 000 (бір жүз жиырма миллион) теңге – орта кәсіпкерлік субъектілері үшін;
  1. 150 000 000 (бір жүз елу миллион) теңге – ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін.

Бұл ретте банк шоттарынан қолма-қол ақша алу жөніндегі көрсетілген талап мынадай кәсіпкерлік субъектілеріне:

  1. микро кәсіпкерлік субъектілеріне;
  2. ауыл шаруашылығы азық-түлік өнімін, акваөсіру (балық аулау) өнімін сатып алуды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне;
  1. бірлескен қаулы мен бұйрыққа қосымшаға сәйкес экономикалық

қызмет түрлері бар тамақ өнімдерімен, сусындармен, сондай-ақ фармацевтикалық, медициналық және ортопедиялық тауарлармен бөлшек сауданы жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне;

4) Екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық почта операторы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттардан қолма-қол ақша алған кезде және қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына берген лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қолданылмайды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 21 желтоқсандағы №151 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №125 бірлескен қаулыларымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 1223 бұйрығымен Кәсіпкерлік субъектілерінің банк шоттарынан қолма-қол ақшаны алу қағидалары бекітілді (сілтеме: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2000021885).

Көрсетілген Қағидаларда қолма-қол ақшаны алудың белгіленген шекті мөлшерінен асқан жағдайда, кәсіпкерге банкке ұсынуы қажет құжаттардың негізгі тізбесі бекітілген.

Кәсіпкер банкке мыналарды ұсынуы керек:

  • қолма-қол ақшаны алу мақсатын растайтын құжат;
  • мемлекеттік кірістер органдарына мәліметтер мен құжаттарды жіберуге келісімі.

Банк 1 жұмыс күні  ішінде МКК-не банктік шоттан қолма-қол ақша алуға өтінім жібереді.

МКК өтінімді 3 жұмыс күні ішінде қарастырады. Осыдан кейін банкке қолма-қол ақшаны беруден бас тарту үшін негіздеменің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді жібереді.

Сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін қолдануды ескере отырып, мемлекеттік кірістер органы мынадай шешімдердің бірін шығарады:

тәуекелдің төмен дәрежесі бойынша – қолма-қол ақша беруден бас тарту үшін негіздердің жоқтығы туралы;

жоғары тәуекел дәрежесі бойынша – қолма-қол ақша беруден бас тарту үшін негіздердің болуы туралы.

«Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану нәтижелері бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің банк шоттарынан қолма-қол ақшаны алу сомасының шекті мөлшерінен асатын сомада қолма-қол ақша беруден бас тарту үшін негіздердің болуы не болмауы туралы мәліметтер күнтізбелік бір ай ішінде жарамды»,- деп толықтырды Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Соңғы жаңалықтар

Ветеринарлар қартайып барады

Қазақстан • Бүгін, 12:10

Көз тоймайтын коттедж қалашығы

Аймақтар • Бүгін, 08:33

Тілеулі батырдың қанжары

Руханият • Бүгін, 08:30

Тұқымбақтағы тындырымды іс

Аймақтар • Бүгін, 08:22

Ұқсас жаңалықтар