Аймақтар • 03 Наурыз, 2021

Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады

319 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Аяз қысқан ақпан айының ортасында Талғар ауданындағы бір шаңырақта өрт шығып, төтенше жағдай болған еді. Қиындыққа тап келген әулетте шиетттей бала-шаға бар-тын. Оқыс оқиға алты балалы отбасын әбігерге салған болатын, деп хабарлайды Egemen.kz

Үйсіз қалған көп балалы отбасына жеке компания баспана сыйлады

Талдыбұлақ ауылындағы бұл жағдай ақпарат құралдары арқылы елге тез таралды. Жағдайдан хабардар болған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов аудандағы азаматарға тиісті көмек ұйымдастыру туралы тапсырма берген. Енді міне, әкімнің бастамасына өңірдегі меценаттар үн қатып, тағдыр талқысында қалған әулетке баспана сыйлады. Жақында алты балалы отбасына «Горизонт KZ» компаниясы Талғар қаласынан үй сатып әперді.

– Түн ортасы ауа түсініксіз бір дыбыстан оянып кеттім. Далаға шықсам, үйіміздің шатыры жанып жатыр екен. Күйеуім күзетшілік жұмыста болатын. Алғашында сасқалақтап қалдым, бірақ үлкен балаларым тез есімді жиғызып, бәріміз жылдам киіне бастадық, өрт сөндірушілерді шақырдық. Тек құжаттарымызды ғана алып үлгердік. Бұл оқиға 25 ақпанда болды. Біз турасын айтқанда көшеде қалдық. Бірақ бүгін сол қиындықтың бәрі артта қалып, қатты қуанып отырмыз. Өз үйіміз бар дегенге әлі де сене алмай тұрмын. Бес ұлым, бір қызым бар. Үлкенім 8 сыныпта оқиды, кішкентайым 7 айлық. Енді олардың өз үлкен үйлері бар. Бізді қиын сәтте жалғыз қалдымай, көмек қолын созған жандарға алғыс айтамын. Облыс әкіміне, меценаттарға, аудан әкімдігіне, журналистерге, бізді қолдаған барша азаматтарға ризашылығым шексіз, – дейді қайырмды жандардың арқасында баспаналы болған көп балалы ана Айгерім Талқанбаева.

Айтпақшы, Алматы облысында  былтыр 1258 көп балалы отбасы қоныс тойын тойлаған. Оның ішінде 180 үй аймақтағы меценаттардың қаржысына сатып алыныпты.

Соңғы жаңалықтар