Президент • 03 Наурыз, 2021

Мемлекет басшысы: Аяулы аруларымыздың жетістіктері – бүкіл халықтың мерейі

1127 рет көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту жөніндегі шаралар мен құралдар» атты конференцияға қатысушыларға бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz

Құрметті конференцияға қатысушылар, қымбатты ханымдар!

Шуақты көктем мерекесі қарсаңында өтіп жатқан бұл конференцияның баршамыз үшін маңызы зор.

Өйткені, аяулы аруларымыздың жетістіктері – бүкіл халықтың мерейі.

Бүгінде еліміздің қыз-келіншектері түрлі салада қызмет етіп, табысқа жетуде.

Бұл – Сіздерге тән еңбекқорлық пен іскерліктің айқын көрінісі.

Әйелдердің қоғамдағы рөлін кеңейте түсу – мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттің бірі.

Осыған орай, нақты шаралар қолға алынды.

Қазір басшылық қызметтегі әйелдердің қатары көбейіп келеді.

Парламентте сіздер үшін арнайы квота берілді.

Сондай-ақ, кәсіпкерлік бастамаларыңызды қолдау үшін бірқатар жобалар жүзеге асырылды.

Соның арқасында еліміздегі шағын және орта бизнес саласында еңбек ететін әйелдердің үлесі 43 пайыздан асты.

Жеке кәсіпкерлердің тең жартысынан көбі – өздеріңіз сияқты қыз-келіншектер.

Біз еліміздің дамуына белсене атсалысып жүрген осындай іскер аруларымызға жан-жақты қолдау көрсетеміз.

Таяуда әйелдер кәсіпкерлігін жандандыру мақсатымен еліміз бойынша 17 орталық ашылды.

Осы орталықтар сіздердің бизнестегі жаңа идеяларыңызды іске асыру үшін жұмыс жүргізетін болады.

Жалпы, бүгінгі басқосуда көптеген маңызды ұсыныс айтылары анық.

Оның барлығы әйелдердің ел экономикасындағы рөлін арттыруға тың серпін береді деп сенемін.

Соңғы жаңалықтар

Елданаға ел риза

Спорт • Кеше

Жұмекеннің «Балаусасы»

Руханият • Кеше

Сүйіспеншілік сабағы

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар