Үкімет • 03 Наурыз, 2021

Технологиялар трансферті мен локализация жол картасы әзірленеді

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне мүше мұнай-газ компаниялары басшыларының жұмыс кездесуінде Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті өнімді арттыру мәселесіне арнайы тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Технологиялар трансферті мен локализация жол картасы әзірленеді

Мемлекет басшысы бұл ретте ол технология трансфертін және өндірісті бір жерге шоғырландыруды қамтамасыз ету үшін нақты шаралар әзірлеу жөнінде Үкіметке берген тапсырмасын еске салды.

– Мен елішілік құндылық (in-country value) қалыптастыруда, ішкі технологиялық және өнеркәсіптік дамуды ынталандыруда энергетикалық жобалардың маңыздылығын үнемі айтып келемін. Өкінішке қарай, бұл бағыттағы прогресс мәз емес. Бізге тың әрі батыл қадамдар жасау керек, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке компаниялармен бірлесіп, Технологиялар трансферті мен локализация жөнінде жол картасын әзірлеуді және бұл жайында келесі отырыста баяндауды тапсырды. Айта кетерлігі, жиын барысында еліміздің мұнай-газ секторын дамыту және оның инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелері қарастырылды.

Онлайн форматтағы кездесуге Royal Dutch Shell plc концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Бёрден, Chevron корпорациясының өндіру мәселелері жөніндегі вице-президенті Джеймс Джонсон, CNPC корпорациясының вице-президенті Хуан Юн Чжан, Eni S.p.A компаниясының upstream бизнес жөніндегі директоры Гуидо Бруско, ExxonMobil Global Projects компаниясының президенті Нил Даффин, Total E&P компаниясының Каспий және Оңтүстік Еуропа жөніндегі вице-президенті Кристин Хили қатысты.