Қоғам • 03 Наурыз, 2021

Наурыз мейрамында ауқымды іс-шаралар ұйымдастыруға тыйым салынады

46 рет көрсетілді

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов наурыз айында эпидемиялық ахуалға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Орталық коммуникациялар қызметінде наурыз-сәуір айларында коронавирустың таралуы көрсеткішіне қатысты сұрақ қойылды.

«Жалпы, қазіргі және ақпан айындағы жағдайға қарап, наурыз және алдағы айда 15 мыңнан 20 мыңға дейін науқас болуы мүмкін деген есептеулер жасалып отыр. Дегенмен, барлығы өзімізге байланысты. Наурызда біраз мереке күндері қамтылған», деп тоқталды бірінші вице-министр.

Сонымен қатар Марат Шоранов өткен жаңажылдық мерекелеуден кейінгі екі аптадан соң бізде науқастардың саны көбейгенін атап өтті.

«Сондықтан үлкен тойларды жасамауға, ірі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырмауға шақырамыз. Наурыз мейрамын отбасы мүшелерімен ғана атап өткен дұрыс болады. Сондықтан маска тағып, әлеуметтік қашықтықтықты сақтаған абзал», деді М. Шоранов.

Соңғы жаңалықтар

9 су қоймасы салынады

Экология • Кеше

Ұқсас жаңалықтар